“Тобыл” баскетбол командасы  “Ертістен” басым түсті

“Тобыл” баскетбол командасы “Ертістен” басым түсті

Қостанайда ұлттық лига аясында жергілікті “Тобыл” мен павлодарлық “Ертіс” арасында дәстүрлі түрде екі матч өтті. Алғашқы кездесу алаң иелерінің пайдасына шешіліп,  87:69 есебімен жерлестеріміз жеңіске жетті.

Ойын баяу қарқынмен басталғанымен, матчтың бірінші жартысы “Тобылдың” пайдасына 19:16 есебімен, екінші тайм 40:36 нәтижесімен бітті.

Үшінші және төртінші таймдарда “Тобыл” өз шеберлігін толық көрсетті — айырмашылық 18 ұпай. Екінші күнгі қарымта ойында да жерлестеміз жеңісті қолдан берген жоқ.

 “Тобылдың” бас бапкері Тимур Сұлтанов өз шәкірттерінің өнеріне қатысты пікір білдірді:

— Қазір команда жақсы қарқынға ие. Біз 2024 жылы күміс жүлдені жеңіп алдық және мықты ойын көрсетуді жалғастырып келеміз. Біздің құрамы мықты және теңгерімді. Бүгінгі жеңіс — әр ойыншының қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Сонымен қатар, бапкер “Ертіспен” ойынға дайындалудың қиын болғанын атап өтті:

— Жаңа жылдан кейін біз тек 3 қаңтарда жиналдық, дайындыққа аз ғана уақыт болды. Соған қарамастан, жігіттер өз міндеттерін орындады.

“Ертіс” болса, жеңіліске қарамастан, өзінің мінезін көрсетті. Бұл — ұлттық лигада екінші жыл ойнап жатқан жас әрі өршіл команда. Олар маусым сайын шеберлігін арттырып келеді.

“Тобылдың” жеңісі олардың чемпионаттағы позициясын нығайтты, ал жанкүйерлер команда ойынының жарқындығын атап өтті.

Аружан Берікқызы

ҚӨУ студенті

Жаңалықтармен бөлісу