Теміртау қаласында заңсыз майнинг фермасын ұйымдастыру фактісі Қарағанды облыстық прокуратурасының үйлестіруімен Қаржылық мониторинг агенттігімен анықталды.
Күдіктінің Теміртау қаласындағы өндірістік база аумағында металл контейнерлерде криптовалюта өндіру үшін арнайы жасалған есептеу құрылғыларының кешенін орнатқаны анықталды.
Тінту барысында объектіден 156 бірлік майнинг жабдықтары (ASIC) және басқа да қосалқы құрылғылар табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізілуде.
Тергеу аясында Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпараттар жариялануға жатпайды.