Тек қолма-қол төлем: сатушылар бұл әрекеті үшін қомақты айыппұл арқалайды

Тек қолма-қол төлем: сатушылар бұл әрекеті үшін қомақты айыппұл арқалайды

Облыстық кірістер департаменті жеке кәсіпкерлер өткізген тауарларының құнына қолма-қол ақша төлеуді талап етіп, төлемдерді қабылдаудан бас тарту жағдайлары кездесіп жатқанын хабарлайды.

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз. Себебі «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларында әртүрлі төлем әдістері – банк картасы, QR төлемі немесе қолма-қол ақша қарастырылған (25-бап).

Кәсіпкерлердің төлем қарточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту, ал қайталап заң бұзғаны үшін 147 680 теңге (40 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу көзделген (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 194-бабы).

Қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту фактілері анықталған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарына хабарлауыңыз қажет (Сіз eOtinish арқылы міндетті растайтын құжаттар қосымшасы мен қолма-қол немесе тікелей Wipon Cashback қосымшасында өтініш-шағым бере аласыз).

Тауарларды сату немесе қызмет көрсету кезінде кәсіпкерлер де сатып алушыға фискалдық түбіртек беруге міндетті. Фискалдық түбіртекті беруден бас тартқан жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделетінін хабарлайды.

Жаңалықтармен бөлісу