Енді еліміздің көлік жүргізушілеріне құжаттың қағаз нұсқасын бірге алып жүру міндеттелмейді деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
Министрліктің мәліметінде көрсетілгендей, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ-мен бірлесіп, автокөліктің техникалық байқаудан өткенін куәландыратын құжатты цифрлы форматқа көшіру бойынша жұмысты қолға алды. Бұдан былай “Техникалық байқаудың диагностикалық картасы” электронды үкіметтің мобильді қосымшасының жеке кабинетінде сақталады. “Қазір IT мамандары арнайы сервисті әзірлеп, техникалық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Интеграциялық жұмыстардан кейін осы қызметтің алғашқы нұсқасы алдағы 1 қыркүйекте EgovMobile платформасында іске қосылады”, – делінген ведомство хаттамасында.