Газетіміздің “Басшыға бес сұрақ” айдарында Қостанай облысының Мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ибрагим Дезиев сұрақтарға жауап берді. Қадірлі оқырман, сіздің де белгілі бір басшыға қоятын сауалыңыз болса, бізге жолдаңыз. Редакцияның whatsapp нөмері +7 771 213 72 02.
– Су тасқыны облыстық біраз аудандарын айналып өтпеді. Бірі малынан айырылса, енді бірінің үйлері тұруға жарамсыз болып қалды. Білуімше осы мәселе төңірегінде сотқа жүгінгендер де бар екен…
– Иә, қазір көктемгі су тасқыны жағдайына байланысты істер қаралып жатыр. Қараша айының соңына дейінгі жағдай бойынша Қостанай облысы бойынша 142 іс тіркелді. Қазір оның 84-і аяқталды. Он тоғызына сот шешімі шықса, оның тоғызы қанағаттандырылды. Оны кері қайтарылды. Мысалы, бір іске Қостанай қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге келтірілген материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия хаттамасының күшін жою туралы талапты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарылды. Осы сынды сотқа дейінгі реттеу тәртібі сақталмаған 40 іс қайтарылды. Егер талаптарды санаттары бойынша, яғни дау тақырыбы деп бөлетін болсақ, бірнеше бағытта талап-арыз келіп түсті. Залалды өтеу туралы, біржолғы тағайындалған қаржылай көмекпен келіспеу туралы, бағалаумен келіспеу деген сияқты арыздар бар. Әрине, адамдар бұл тұрғыдан арыздана алады, ол олардың құқығы. Кодекс талабына сай емес істер кері қайтарылды. Яғни, алдын-ала істелетін жұмыстарды орындамағаны үшін кері қайтарылды. Мысалы, Аманкелді ауданындағы комиссиясы хаттаманын күшін жойып, қанағаттандырамыз немесе қанағаттандырмаймыз деп шешім шығаруы керек еді. Олар оны істемеген. Сотқа түскен істі біз қарағанда, құжат талапқа сайы толтырылмаса кері қайтарылады. Яғни, ол істі қарауға құқығымыз жоқ. Тәжірибеде мұндай жағдай алғашқы рет болғандықтан осындай олқылықтай жіберіп алтып отыр деп ойлаймын.
– Үйлер мен малға өтемақы төлеу қалай жүргізіледі?
– Малға өтемақы алудың өзінің тәртібі, үш талабы бар. Көктемде мал төлдегенде сырғасы сылынып, екпесі алынып, базаға тіркелген болуы шарт. Осындай жағдайда еш қиындықсыз өтемақы ала алады. Ондай жағдайда төлемеуге де негіз жоқ. Егер бұндай жұмыстарды істеп үлгермесе, бірақ малы суға кеткен жағдайда куәгерлердің көмегі қажет болады. Ол ауыл әкімі бола ма, учаскелік полиция немесе көршісі, мал дәрігері куәлік беруі керек. Ауылда кімде қанша мал бар адамдар бәрін біледі ғой. Ал кейбірі айлаға басып, сатып жіберген, болмаса бұрын өліп қалған малына өтемеақы алғысы келгендер болуы мүмкін. Ал үйлерге тоқталатын болсақ, облыс бойынша 142 іс келіп түсті. 84 іс аяқталды. 23 істі келісімге келу арқылы аяқтадық, 31 іс қарап жатырмыз. Бұл жерде егер адамның атында екі және одан көп үй тіркелген болса, өтемақы тек бір үйге ғана беріледі. Ал енді сотқа жүгінгендердің дені ауылда тұрмайтын, үйлерін тастап кеткендер. Осы жағдайды пайдаланып, құжаттарды тезірек рәсімдеп, өтемақлы талап етіп отыр. Арнайы комиссия хаттамаға көрсетеді ондай жағдайда, яғни бұл адамның үйі болғанмен, ол бұл үйде тұрмайды. Ертеректе тастап кеткен деген тәрізді. Ал күтімсіз үй су келгенге дейін бұзылып тұруы мүмкін. Енді адам қарамаған соң, қаңырап қалады ғой. Ал заң бойынша меншік иесі өзінің меншігіне мұқият болып, қарап, бұзылған жерін жөндеп отыруы керек. Қазір біраз уақыт өтіп кеткен соң, арызданып жатқандар бар. Ал ол үй жаз бойы тұрды. Жауын-шашын болды. Үйдің тасқын судан бүлінгенін немесе жауын-шашыннан болғанын ешкім дәлелдей алмайды. Егер төтенше жағдай кезінде су басса, үйінде тұратын адам міндетті түрді төтенше жағдай қызметкерлерін шақырып, суды сорғызады. Алдын-алу жұмыстарын жүргізеді. Сосын барып егер шын жағдай күрделі болса өтемақы алуға өтініш береді. Егер талабы қанағаттандырылмаса, сотқа шағым түсіреді. Ондай жағдайда сот өз шешімін шығарады.
– Соттардың жүктемесі қалай реттеліп жатыр? Сондай-ақ, құқық бұзушылықтың көрсеткіші бар ма?
– Сегіз сот қызмет етеді. Әр судья күніне кем дегенде екі-үш отырыстан жүргізеді. Айына 15-20 шақты іс қаралды. Сонда жылына мыңнан аса іс түседі. Түрлі жағдайлар болады. Әр іске тиянақты болып, түбіне дейін зерттеу жүргізу де оңай шаруа емес. Бір осы салала маманы атанған адам осындай жағдаймен бетпе-бет келетінін біледі. Сот болғанға дейін түрлі сатыдан өтіп, шындалады. Ән шешім біреудің үміті, біреудің тағдыры. Екі жақта өзініңкін дұрыс санайды. Сот соның ортасынан дұрыс шешімін анықтауы қажет. Егер тәжірибеде болған істер келіп түссе, соттарға арналған “Цифрлы көмекші” деген бағдарлама бар. Яғни, ол бағдарламаға еліміз бойынша болған соттардың шешімі жүктеледі. Біз де жүктеп отырамыз. Сол жерге қарап “жер дауы” деп терсеңіз осыған қатысты өткен соттардың барлығын көруге болады. Әрі қарай танысып, шешімді оқып, ойыңды жинақтап алуға болады. Ол енді нақты шешімді соған қарап шығаратын жүйе емес, көмешкі құрал ретінде пайдалануға болады. Ал арызданатын адамдардың дені өз құқытарын біледі. Тек бес пайызы шығар сотан жеңіп шығуым мүмкін деген оймен келеді. Қазір кейбір соттар онлайн форматта өтеді. Шалғай ауылдағы адамды шақыртып әуре қылмай, онлайн өткіземіз. Уақыт та үнемделеді. Ал, топ басында тұрған деген сұрағыңызға келетін болсақ, арыздардың дені сот орындаушыларының жұмысына қатысты. Айталық, соңғы тоғыз айда 800 шағым түссе, оның жүзден астамы осыған байланысты. Бұғатталған мүлікке, заңсыз деп тану қаулысына шағым жасайды. Әлеуметтік қарызды есептегенде көп мөлшерде жазып қойды деп шағымданады. Егер адам өзі нақты анықтама алып келмесе, сот орындаушысы республика көлеміндегі 300 АЕК негізге алып жазады. Шын мәнінде ол адам ондай табыс таппауы мүмкін. Содан кейін бізге шағымданады.
– Жер телімдерін мемлекет меншіге қайтару турасындағы істер сіздерде қарала ма?
– Бұрын бізде қаралатын, қазір қарамаймыз. Бірақ, тәжірибеге сүйене отырып жауап беруге болады. Жергілікті органдар жыл сайын немесе ай сайын жұмыс жүргіузе тиісті. Яғни, қандай да бір мүліктің құрылыс орта жолдан бірнеше жылға тоқтап қалса, солармен жұмыс атқаруы керек. Мысалы, қасында тұрған көршілері арыздануы мүмкін. Қасымдағы нысан бірнеше жыл болды, салынбай тұр. Қазір бізге, болмаса балаларға қауіпті ашық-шашық тұр деген сипатта. Мүдделі орган халыққа қызмет көрсету орталығына хабарлама береді, иесін іздеу жөнінде. Болмаса нақты иесі өмірден өтіп кетсе, мұрагарі іздестіріледі. Ол тұрғыда көп жұмыс атқару қажет болады. Кейбірі бизнес нысандары болуы мүмкін. Ал иелері дәл қазір қаржысы жоқ болса да, келешекте істермін деп жұмысты тоқтатып қояды. Ол қаланың архитектуралық кейпіне нұқсан келтіреді. Болмаса қауіпті болуы бек мүмкін. Түрлі себептері бар. Сол себепті мемлекеттік органдар айналысуы керек. Мәселе шиелінісіп кеткенде сотқа жүгініп жатады.
– Татуластыру жағдайы көп кездесе ме?
– Әр іс бойынша көп жұмыс атқарылады. Келіп түскен қос тарапты шешім шығарғанға дейін татуластыруға тырысамыз. Кей істер жоғарыда айтқанымдай онлайн өтеді ғой. Сотқа қатысудың да өз тәртібі бар. Сол тәртіпті сақтамаса айыппұл салынады. Кейбірі эмоцияға ерік беріп, бейәдеп сөздер айтып жатады. Ондай жағдайда жерлігікті жердің учаскелік полициясын жіберіп айыппұл салдырамыз. Сыйластық қанытпағаны, сот тәртібін сақтамағаны үшін. Татуластыру кез-келген соттың жеңісі. Бұл жерде қос тарапта риза болғаны бізге де жақсы. Былтыр медиациялық жолмен 63 іс аяқталса, осы жылы 83 іс татуласумен жабылды. Ондай жағдайда тұлғалар татуласты деп істе кері қайтарамыз. Жыл бойына 800 іс келіп түссе, соның 100-ге жуығы татуласмен аяқталады. Оларға істі қарау барысында бірнеше ай кететінін айтамыз, егер өзара бір келісімге келіп татуласар болса он күнде аяқталатынын жеткіземіз. Қос тараптың татуласқаны біздің жеңісіміз. Жалпы өткен жылы 867 іс келіп түсті. Оның 150 қанағаттандырылып, 111-і кері қайтарылды. Бас-аяғы 802 іс аяталды. Ал биыл осы кезең бойынша 839 іс түсті. Оның 115 қанағаттандырылып, 135-і кері қайтарылды. Сондай-ақ, 83-і татуласумен аяқталды. Тұлғалардың өзара татуласуы бойынша 32 іс жабылды. Топ басында айтқанымдай, сот орындаушыларының ісіне шағым, одан кейін мемлекеттік сатып алудың айналасындағы даулар, еңбек даулары, салық саласындағы даулар, мүлік дауы да бар. Биыл мемлекеттік тілде 31 іс қаралды. Өткен жылы сегіз еді. Өзіңіз көріп тұрғандай мемлекеттік тілде өтетін сот отырсы 23 іске артты.
– Сұхбатыңызға рахмет!
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген – Ерасыл ТАЛҒАТОВ