Елімізді абаттандыру және көгалдандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Осы орайда “Таза Қазақстан” бағдарламасына Аманкелді ауданының барша тұрғындары тартылып, «Тарихқа құрмет» челленджін ұйымдастырды.
Челлендж аудан орталығында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштердің маңайын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізуді, қатысушыларға тарихи-мәдени ескерткішті таныстырып, тарихи құндылығын жеткізуді мақсат етіп отыр.
– «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының «Киелі мекен» бағыты да әр отандасымызды, жастарымызды осындай киелі орындарымызды қастерлеп, таза ұстауға үндейді. Челленджге аудан жастары ерекше қызығушылық білдіріп, белсенді қатысты. Нәтижесінде аудан орталығында орналасқан бірқатар тарихи мәдени ескерткіштер маңайына тазалау жұмыстары жүргізіліп, челлендж қазіргі ауылдық округ жастары арасында жалғасуда. Бұл игі бастама аудан жастарына тың серпін әкеліп, жаңа қырынан аша түсті. Аудан жастары әр тарихи ескерткіштермен жақын таныса келе, оған құрмет көрсету бүгінгі жастардың басты парызы екенің түсінді. Осы орайда нәтижелі іс-шара тек Аманкелді аудан көлемінде ғана емес, облыс аумағында таратуды жөн көрдік, – дейді аудандық жастар ресурстық орталғының директоры Бекболат Көптілеуов.
Аманкелді ауданының жастары, «Тарихқа құрмет» челленджін облысымыздың тарихи бай өңірі, ұлтымызға ұлы тұлғалаларды сыйға тартқан, Жанкелдин ауданының жастарына жолдады.
Аманкелді ауданы