Тариф жобасын талқылайды Көрнекі сурет. aikyn.kz

Тариф жобасын талқылайды

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті «Костанайский Энерго Центр» ЖШС өтінімі бойынша қызметтерге тариф жобасын талқылау жөнінде жария тыңдау өткізілетінін хабарлайды.

“2023 жылғы 24 тамыз сағат 15:00-де Қостанай қаласы, Қорған көшесі, 8 мекенжайында тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытында көрсетілетін қызметтер құнының өсуіне, шекті бағаның саралануына және қызметкерлердің жалақысының өсуіне байланысты электрмен жабдықтау қызметтерінің тариф жобасын талқылау туралы жиын өтеді”, – делінген хабарламада.

Жария тыңдау онлайн режимінде «ZOOM» қосымшасы арқылы, конференция идентификаторы: 764 1871 2436, кіру коды:  xr7FT4 және Facebook әлеуметтік желісіндегі КРЕМ Қостанай обласы департаментінің ресми парақшасында өтеді.

Анықтама телефондары: 8 (7142) 53-56-58, 54-28-76.

Жаңалықтармен бөлісу