Жангелдин ауданында «Қазақстан халқына» қоры мен облыс әкімдігі арасында жасалған меморандум аясында су тасқынынан зардап шеккендерге үй салу жұмыстары жалғасуда.
Тәуіш және Көлқамыс ауылдарында 41 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізілу үстінде. Бұл жұмыстарға бес құрылыс компаниясы жұмылдырылған. Құрылыс алаңы ауыл тұрғындарымен алдын ала келісілген.
“Бір үйдің алдын ала құны облыстың шалғайлығы мен логистиканың күрделілігіне байланысты, шамамен, 29,5 миллион теңге болады. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қоры аталған үйлердің құрылысын жобалаушы және техникалық қадағалау қызметтерін төлейтін болады. Бұл олардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді”, – делінеді облыс әкімдігі ақпаратында.
Әр үйдің ауданы – 80 шаршы метр. Бұған қоса, тұрғындар 10 гектардан жер де иеленеді.