Тәуелсіздік күніне орай облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 2008 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан ашық турнир басталды.
– Турнирді алғаш былтыр өткізгенбіз. Биыл екінші жыл өткізіп, дәстүрлі түрде жыл сайын өткізу ойда бар. Жарысқа еліміздің бірқатар облысынан 6 команда келді. Атап айтқанда Ақтөбе, Қарағанды, Астана, «Тобыл» ФК командалары және футболдан жасөспірімдер спорт мектебінің командалары қатысып жатыр. Турнирдің ұзақтығы бес күнге созылады, – дейді БЖСМ-нің оқу ісі жөніндегі орынбасары Шынар Ғалымбекқызы.
Астана қаласынан келген ойыншылардың бас бапкері Сергей Владимировичтің айтуынша, жас футболшылар ерекше дайындықпен келген.
– Осымен екінші мәрте Қостанай қаласындағы ойынға келіп отырмыз. Балалар да жақсы дайындықпен келді. Былтыр алғаш рет келгенде ұйымдастырушыдардың шеберлігін көріп таң қалған едік. Биыл да бізді таңқалдырды. Барлығы да жоғары деңгейде. Енді біздің мақсатымыз – бас жүлдені алу. Бірақ достық байланысты естен шығармаймыз, – дейді бас бапкер С. Владимирович.
Ойын 15-19 желтоқсан арадығында “Тобыл Арена” футбол алаңында өтеді.
Б. Мейрамұлы
Суреттерді түсірген автор