31 мая, 2025
Тәуелсіздік көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін көлік қозғалысы шектелді

Тәуелсіздік көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін көлік қозғалысы шектелді

Бүгін «MАРТ» сауда және ойын-сауық орталығы ғимаратында  күзет қызметкерлерінің террористік сипаттағы түрлі іс-қимылдар кезінде іс-әрекетке дайындығын бағалау бойынша жоспарлы оқу-жаттығулар өтіп жатыр.

Осыған байланысты Абай даңғылы бойындағы Тәуелсіздік көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі жолда көлік  қозғалысы шектелді. Терроризмге қарсы күрес жөнідегі облыстық жедел штабы уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап,  тек ресми ақпаратқа сенуді сұрайды.