Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев Чернышевский мен Байтұрсынов көшелерінің бойындағы нөсер жаңбырдан зардап шеккен екі үйдің төбесін уақытша жабуды ұйымдастыруды тапсырған болатын.
Қазіргі уақытта мердігер ұйым Байтұрсынов көшесіндегі үйдің шатырын жабуды аяқтады.
Чернышевский көшесіндегі шатыр 50% орындалды, қалғаны түске дейін аяқталады. Содан кейін мердігерлер шатырды толығымен жабу жұмыстарын бастайды.
Бұл мәселе қала әкімінің тұрақты бақылауында болады.