Аманкелді ауданында су тасқыны салдарынан көптеген ауылдарда жолдар жабылды. Аманкелді, Үрпек, Қабырға бағытындағы тас жол бұзылып, қатынас мүлдем тоқтаған еді.
Қазір аудан әкімдігі қалыпқа келтіру, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Тасқын кезінде 12 шақырым жол бұзылған еді. Жолдың біраз бөлігі жырылып кетіп, қатынас үзілді. Кеше түнге дейін қатынас жолдары дұрысталып, қайта ашылды. Бірақ жеңіл көліктер әлі де жүре алмайды. Кедір-бұдыры көп. Тек «Нива», «УАЗ» секілді асты биік автокөліктердің жүруіне мүмкіндік бар. Бүгін жеңіл көліктер жүретіндей етіп дұрысталады. Жөндеу жұмыстарымен “Алюминстрой” ЖШС айналысып жатыр», – деді аудан әкімінің орынбасары Малшыбай Қаласов.
Бейбіт НҰРМҰХАНОВ