«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев 24KZ арнасындағы «Күн тәртібі» жобасында су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысы аудандарының бүгінгі ахуалын айтып, тұрғындарға жергілікті әкімдік тарапынан қандай қолдау жасалып жатқанын атап өтті.
«Адамдар жатақханада ұзағынан тұрақтамау үшін тезірек жаңа үй салу мәселесі қарастырылды. Бұл ретте су басқан ауыл тұрғындары арасында басқа елді мекенге көшуге қатысты сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде 35 отбасы Арқалыққа көшуге ниет білдірген. Оларға облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, тәуелсіз бағалаушылармен пәтерлердің бағасын анықтап, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Көп ұзамай көшу жұмыстары басталады», – деді депутат.