Су басқан аудандардың 19 медицина қызметкері денсаулық сақтау министрінің алғыс хатымен марапатталды

Су басқан аудандардың 19 медицина қызметкері денсаулық сақтау министрінің алғыс хатымен марапатталды

Су басқан аудандарда атқарған тынымсыз қажырлы, адал еңбектері үшін Денсаулық сақтау министрінің алғыс хатымен төрт өңірдің, яғни Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының 19 медицина қызметкері марапатталды.

Министр барлық дәрігерге, фельдшерлерге, мейіргерлерге шын жүректен алғысын білдірді. Олар жазық даладағы апатты жағдайларға қарамастан, өздерінің кәсіби борышына адал бола білетін қызметкер екендерін дәлелдеп, су басқан аудандардың тұрғындарын медициналық көмексіз қалдырмады.
Министрлік аманатын жеткізушілер Ақтөбе облысы Нұра кентінде егіз нәрестені дүниеге әкелген тұрғынға көмек көрсеткен ауылдық амбулаторияның дәрігерлері мен мейіргерлерінің нағыз кәсіби білікті маман екендерін атап өтті.
Министр осындай қиын күндерде бірлік пен өзара көмек қана барлық қиындықтарды жеңуге көмектесетінін, дәрігерлердің халық денсаулығын сақтауда аянбай қызмет ететінін атап өтті.
Елімізде су тасқыны кезінде дәрігерлер 24 әйелді босандырып алды, барлық әйелдер мен балалар есен-сау. Су тасқынынан ең көп зардап шеккен өңірлерде балалардың ауруханаға түсу деректері тіркелмеген.

Жаңалықтармен бөлісу