«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры «Solutions Journalism Lab 2.0» жобасына өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды.
Жобаның бірінші легіне зертхана резиденттері болып 45 үміткер іріктелмек. Олар келесідей мүмкіндіктерге ие болады:
Оқыту. Сәтті материалдар шығару үшін резиденттер вебинарлар сериясы арқылы қажетті білім алып, тәжірибелі тәлімгерлердің жеке қолдауына ие болады.
Ресурстарға қолжетімділік. Оларға дерекқорларға қолжетімділік пен заңгерлік кеңестер ұсынылады.
Жобаға қатысуға жұмсалған уақыт үшін резиденттерге материалдың күрделілігіне байланысты 200 000-нан 1 000 000 теңгеге дейін өтемақы қарастырылған.
Өтінімдер 2025 жылдың 10 қаңтарына дейін қабылданады.
Алдыңғы маусымның резиденттері де жобаға жалпыға ортақ ереже негізінде қатыса алады.
Қатысу үшін жобаның ресми сайтына анкетаны толтыру қажет https://solvefuture.kz/anketa
Қосымша ақпарат үшін байланыс:
Эл.пошта:info@solvefuture.kz
Тел.нөмір: +7 777 400 2210