Сіз Қазақстанда атом энергиясы станциясын салуға келісесіз бе?

Сіз Қазақстанда атом энергиясы станциясын салуға келісесіз бе?

Осы  сұраққа 6-қазанда өтетін еліміздегі халықтық референдумда жауап беру керек. Бүгінде елімізде энергияның тапшылығы айтарлықтай білініп отыр. Иә, оның шешімі де табылды.

Энергия көзін жел, су энеригиясы өндіргенімен, ол қаншалықты жеткілікті деген сұрақ туындайды. Ол үшін АЭС салу керек пе?

Облыстық халықтық штаб мүшелері Науырзым ауданы “Шолақсай” ЖШС жұмысшылары мен білім саласының мамандарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қазақстанды көмір электр станциялары энергиямен 70% қамтып отыр. Бұл энергия көзінің ошақтары қазіргі уақытта 70% тозды.

Ал, еліміздегі электр энергиясын тұтыну жыл сайын 3% өсіп келеді. Штаб мүшелері осылай дейді.

“Жаhандық экологиялық талаптарға сай көмір электр станцияларын пайдалану күрделі шектеулерге тіреледі. Әрі қоршаған ортаға бөліп-таратар зияндылығы басым. Апатты жағдайға жету қаупі 80% – ды құрайды. Күн және жел электр станциялары ауа райы жағдайына тәуелді және тұрақты түрде энергиямен қамтамасыз ете алмайды. Энергияның жеткіліксіздігінен Қазақстан 2023 жылы көрішілес Ресей елінен 100 млрд теңгеге электр энергиясын алып, пайдалануға мәжбүр болып отыр”, – дейді облыстық “Қостанай таңы” газетінің бас редакторы Кенжеш Оразғалиқызы.

Демек, бұл тәуелділіктің арта түспесіне кепіл жоқ. Әрі жоспарсыз сатып алынған электр қуатының қымбаттай түсері анық.

Қазіргі индустриялық аймақтардың өңірлерде дамып, өркендеуі, нана технологияның жетістіктері электр көзін тұтыну деңгейін арттыра түсуде.

Сондықтан, атом электр станциясын ешқандай энергия көзі алмастыра алмайды.

Елдің басым бөлігін электр қуатымен үздіксіз қамтуда атом электр станциясының алар орны маңызды.

Облыстық халықтық штабтың мүшелері жиналған көпшілікті 6-қазан күні өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысуға шақырды. Штаб мүшелері Нәзира Қыпшақбайқызы, Саят Балжанұлымен бірге өңірлердегі кездесу жалғасын таппақ.

Жаңалықтармен бөлісу