Шымкент театры – Қостанайда

Шымкент театры – Қостанайда

Шымкент қалалық жасөспірімдер театры биылғы маусымды Абылай Маудановтың «Кейкінің кегі» драмасымен ашқан болатын. Осы қойылымды театр ұжымы Қостанайға алып келді. Бұл оңтүстіктік өнерпаздардың мерген бабамызға жасаған тағзымы.

Премьера 25 күні (дүйсенбі) І.Омаров атындағы облыстық театрда өтеді. Басталуы 18.30-да. Билеттер сол жерден сатылады. Бағасы 1000 теңге!

Автордың тырнақталды туындысының мегополисте тұсауы кесілуі бір жағынан қуаныш болса, елдік жолында басы кесілген есіл ердің есімі өзге аймақта насихатталып жатқаны мақтаныш. Шымкенттегі тұсаукесерін аншлагпен өткізіп, алыстан жалғастыра келген өнер ұжымына ата-баба рухын, игі дәстүрді құрметтей білетінімізді көрсетейік. Баршаңызға алдын ала алғыс білдіреміз, келіңіздер, көріңіздер!

Жаңалықтармен бөлісу