Шипажай су тасқынынан жапа шеккендерді сауықтырудан өткізеді

Шипажай су тасқынынан жапа шеккендерді сауықтырудан өткізеді

“Сосновый бор” шипажайы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бастамасын қолдап, су тасқынынан зардап шеккендерді қабылдап жатыр.

Бүгін, 11 сәуірде Алтынсарин ауылының (Қостанай ауданы), Арқалық және Қостанай қалаларының тұрғындары “Сосновый бор” шипажайына орналастырылды.

Зардап шеккендерге жайлы төрт бөлме тегін беріледі. Олар сауықтыру рәсімдерінің сан алуан түрін қабылдай алады.

“Кәсіподақтар Федерациясына, “Сосновый бор” шипажайының басшылығына қиын уақытта қолдау көрсеткендері үшін көп рахмет айтқым келеді”, – дейді су тасқынынан зардап шеккен Гүлмира Кужентаева.

“Сосновый Бор” шипажайы зардап шеккендерге 250 бөтелке су (6 литрден), 20 матрац, 50 төсек-орын жиынтығы алып беріп, 750 мың теңге көлемінде қаржылай қайырымдылық көмек көрсетті.

Бейбіт НҰРМҰХАНОВ

Жаңалықтармен бөлісу