Шегірткеге қарсы күрес: 15 шілдедегі жағдай

Шегірткеге қарсы күрес: 15 шілдедегі жағдай

Қазіргі уақытта Қостанай облысы бойынша табын шегірткелері бойынша мониторингтік және қорғау іс-шаралары жалғасуда.

Мәселен, 2023 жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша Қостанай облысы бойынша табын шегірткелерін анықтауға тексеру 2 071,769 мың га алаңда жүргізілді, оның экономикалық зияндылық шегінен жоғары өңдеуге жататын 404,455 мың га. жалпы өңделген алаң – 370,369 га. немесе болжамды көлемнің 87,6% құрады.

Бүгінде Қостанай облысы бойынша жағдай былайша қалыптасты:

ЭЗШ-дан жоғары таралу алаңы Жанкелдин ауданында байқалды – 295,950 мың га, оның 280,026 мың га. өңделген, уланған тікелей егістік дақылдары 30,152 мың га құрап отыр.

Аманкелді ауданында ЭЗШ-дан жоғары алаң 28,870 мың га құрады, өңделгені – 25,850 мың га.

Алтынсарин ауданында-ЭЗШ-дан жоғары алаң 6,583 мың га құрады, бұл алаңдар толық өңделді.

Денисов ауданында-ЭЗШ-дан жоғары алаң 3,000 мың га құрады, толық уланды.

Федоров ауданы бойынша-ЭЗШ-дан жоғары алаң 0,450 мың га құрап, қарсы шаралар толықтай іске асты.

Сарыкөл ауданы бойынша – ЭЗШ-дан жоғары 0,040 мың га алаңда өңдеу жұмыстары аяқталды.

Қамысты ауданы бойынша-ЭЗШ-дан жоғары алаң 29,342 мың га құрады, өңделгені –17,300 мың га.

Арқалық қаласы бойынша 13,920 мың га. қауіпті алаңда улау жұмыстары бітті.

Науырзым ауданы бойынша-ЭЗШ-дан жоғары алаң 20,800 мың га құрады, өңделгені – 17,700 мың га.

Қарабалық ауданыда ЭЗШ-ДАН жоғары 2,500 мың га.алаң толық игерілді.

Қостанай ауданында бұл жұмыс мәреге жетті. Онда ЭЗШ-дан дан жоғары алаң 3,000 мың га құраған болатын.

Шегірткелердің пайда болуы мен таралуына мониторинг жүргізу бойынша жұмысты күн сайын “Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжау әдістемелік орталығы” РММ облыстық және аудандық филиалдары, ведомстволық бағынысты ұйым жүзеге асырып жатыр.

Жаңалықтармен бөлісу