Шегіртке қаупі сейілді ме?

Шегіртке қаупі сейілді ме?

Бұдан бұрын өңіріміздің оңтүстік аумағындағы алқаптарды шегірке жайлағанын хабарлаған болатынбыз. Өңірге шегірткеге қарсы алаңдарды өңдеуге арналған препараттардың барлық қажетті көлемі берілді делінген облыс әкімі аппаратының мәліметінде. 8 шілдедегі жағдай бойынша облысымыздың 1 885,432 мың га алқабына тексеру жұмыстары жүргізілді, оның экономикалық зияндылық шегінен( бұдан былай ЭЗШ)жоғары өңдеуге жататыны 355,214 мың га алқапты құрайды деп анықталды. Жалпы өңделген алаң – 308,121 га, пайыздық өлшеммен алғанда 77% . Осылайша дәл қазіргі жағдай былайша қалыптасып отыр. ЭЗШ жоғары таралуы Жанкелдин ауданында байқалды —287,605 мың га. Оның 260,561 мың га өңделді. Тікелей егістік дақылдарда аэрозольді газ генераторларымен 5,0 мың га реттелсе, ұшақтармен жүзеге асқаны – 1,0 мың га. Аманкелді ауданында ЭЗШ жоғары алаң 21,795 га. Алтынсарин ауданында – 6,375 мың га- дан 19,675 мың га. өңделген. Денисов ауданында – ЭЗШ жоғары алқап 3,000 мың га, Федоров ауданы бойынша – 3,000 мың га-ның ЭЗШ жоғары аумағы 0,450 мың га, Сарыкөл ауданы бойынша – 0,450 мың га, оның ЭЗШ жоғары алаңы 0,040 мың га, Қамысты ауданы бойынша 13, мың га-дан өңделгені 4,750 мың га. ЭЗШ жоғарысы 0,0040 га. Арқалық бойынша-өңдеуге арналған алаң 8,600 мың га, өңделгені 4,390 мың га. Науырзым ауданы бойынша – ЭПВ-дан жоғары алаң 10,000 мың га, өңделгені —7,880 мың га. Қарабалық ауданы бойынша ЭЗШ жоғары алаң 1,349 мың га. құрады, Қостанай ауданы бойынша – ЭЗШ жоғары алаң 3,000 мың га құрады, өңделгені – 1,000 мың га. Шегірткелердің пайда болуы мен таралуына мониторинг жүргізу жұмыстары күн сайын жүзеге асырылады. Негізгі жұмыс тобы Науырзым және Жанкелдин аудандарының аумағында шоғырланды. Қорғау іс-шараларын жүзеге асыру үшін жерүсті желдеткіш бүріккіштер, жеңіл авиация (ұшақтар), аса жеңіл авиация (дельтапландар), аэрозольді газ генераторлары жұмылдырылған, олар қауіптің тіркелуіне қарай орналасу орындарын өзгертеді. Бүгінде қажетті техника Жанкелдин, Аманкелді, Науырзым, Қамысты аудандары мен Арқалық қаласының аумағына таратылды.

Жаңалықтармен бөлісу