Шахматтан мектеп лигасының облыстық кезеңі мәреге жетті

Шахматтан мектеп лигасының облыстық кезеңі мәреге жетті

Лисаков қаласындағы   облыс мектептерінің 5-6 және 7-8 сынып оқушылары арасындағы жарыста жиырма өңірден спортшылар бақ сынады.
Үш күнгі тартысты сайыста Федеров ауданының Успенов жалпы білім беретін мектебінің командасы 2  орынға ие болды. Осылайша, жарыс көшбасшысы Рудный қаласынан 1 ұпайға ғана қалып қойды.

Облыстық кезеңге Федоров ауданынан Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің  5-6 сынып оқушылары және Успенов жалпы білім беретін мектебінің 7-8 сынып оқушылары қатысқанын айта кетейік.

Ал Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі жалпы командалық есепте 5 орынды иеленді.

Жаңалықтармен бөлісу