Сенаторлар нашақорлық қылмыстар туралы заңды мақұлдады www.gov.kz

Сенаторлар нашақорлық қылмыстар туралы заңды мақұлдады

Есірткі саудасымен (сатумен) айналысқан лауазымды тұлға қызметтік өкілеттігін пайдаланатын болса 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылып отыр.

Қазіргі заңнамамен салыстыратын болсақ, осындай құқық бұзушылық үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген болатын.

Есірткі, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз өндіру әрекеті үшін жауапкершілік күшейтілді. Мұндай қылмыс үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы енгізіледі. Қылмыстық топпен немесе қызметтік өкілеттігін пайдаланып жасалған есірткі, психотроптық немесе сол тектес заттарды өткізу мақсатында заңсыз өндіруге бұрынғыдан қатаң жаза тағайындалды. Бұл үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылды. Қылмыстық топпен құрамында есірткі бар өсімдіктерді аса ірі көлемде заңсыз өсіргені үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізіледі. Заңда сонымен қатар күші қатты әсер ететін заттарды заңсыз айналымға енгізгені үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Есірткі құралдарының айналымына қатысты жауапкершілікті күшейту құқық бұзушылықтарды болдырмауға ықпал ететін болады.

@senate_kz

Жаңалықтармен бөлісу