Урицкий мектеп-лицейінің “Ecopaper” командасы байқауда жеңіске жетті. Осылайша, елордада өтетін байқауға жолдама алды. Вадим Яценко, Артем Антощук және Әнуар Хайруллиндер жоба жетекшісі Лариса Антощукпен бірге үш күндік жобаның белсенді қатысушылары болды.
“Жоба өте сәтті өтті. Нәтижесінде идеяны әрі қарай іске асыруға арналған “Шелл Қазақстан” компаниясының 1 млн теңге грантын жеңіп алдық”, – дейді жоба жетекшісіЛариса.
Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, жоба алты ай ішінде іске асырылатын болады.
“Caravan of Knowledge” компаниясының “NXplolers: Gylymi saiahat” республикалық экологиялық жобасы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткен еді.