Саламатты өмір салты біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді орындауға, жоспарларымызды сәтті жүзеге асыруға, қиындықтарды жеңуге, қажет болса, үлкен жүктемелермен күресуге көмектеседі. Адамның өзі қолдайтын және нығайтатын мықты денсаулық оған ұзақ және қуанышты өмір сүруге мүмкіндік береді.
Денсаулық – әр адамның және жалпы қоғамның баға жетпес байлығы.
Саламатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу мақсатымен Аманкелді аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Біз саламатты өмірді қолдаймыз» атты спорттық-эстафеталық жарыс өткізілді. Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу, саламатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа баулу.
«Спорт – денсаулық кепілі» демекші, оның адам өмірінде алатын орны өте зор. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шымыр болады. Оның қай түрімен айналысу әр адамның қабілетіне байланысты. Спорт түріне қарай ауыр, жеңіл, жазғы, қысқы сияқты бірнеше түрге бөлінеді. Бүгінде елімізде спортпен шұғылдануға үлкен мүмкіндік қарастырылуда.
Шара балаларға арналған жаттығулардан басталып, «Көңілді мәре», «Көңілді старт» спорттық-эстафеталық сайыстарымен жалғасты.
Осы тақырыптағы викториналық сұрақтарға балалар белсене қатысып, жылдам және тез жауап берді. Белсенділік көрсеткен балаларға сыйлықтар үлестірілді.
Зарина МҰСАБАЕВА,
Балалар кітапханасының меңгерушісі
Аманкелді ауданы