Рудныйдағы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы түлектерінің тағдарына алаңдайды

Рудныйдағы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы түлектерінің тағдарына алаңдайды

Орталық қаладағы ең маңызды әлеуметтік мекемелердің бірі. Бұл орталықты отбасылық қиындықтарға тап болған, ерекше мұқтаждықты қажет ететін балалар мекендейді.

Мұнда мұқтаж балаларға тек қана тәрбие мен білім берумен шектелмей, олардың болашағын қалыптастыруға, таланттарын дамытуға, патриоттық рухта тәрбиелеуге және өмірге дайындауға бағытталған. Орталықта бүгінде 141 бала бар. Жақсы жағдай жасалған, мектеп жасындағылар қаладағы білім ошақтарына барып оқиды. Орталық ішінде, “Бүркіт” әскери-патриоттық клубы, мемлекеттік тілді меңгертетін қосымша білім беру сабақтары, спорт секциялары, жалпы айтқанда балалардың қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыс жүйелі жүргізіліп отыр.

“Бұл орталықта негізгі білім беруден басқа, болашақта өз беттерінше тұрақты өмір сүруге дайындаймыз. Сонымен қатар, балаларға шығармашылық және спорт секцияларына қатысу арқылы өздерін табуға, таланттарын дамытуға және бос уақыттарын пайдалы өткізуге мүмкіндік беріледі. Ол балалардың тұлғалық дамуына зор әсерін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар, орталықта қазақ тілін үйретуге бағытталған бағдарламалар бар. Бұл тәрбиеленушілердің қазақ тілін жетік меңгеруіне және ұлттық құндылықтарды, мәдениетімізді жақсы білуіне мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, Рудный қаласының арнауы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы бүлдіршіндерге жылы ошақ болып тұр. Қамқорлық пен қолдау көрсететін маңызды мекеме деуге әбден болады”, – дейді орталық директоры Павел Коваль.

Орталық директорының сөзінше, балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге материалдық жағдайын жеткілікті, оларға рухани қолдау мен тәлімгерліктің жетіспеуі қынжылтады. Көп балалар балалар үйінен қанат қағын шыққан соң, қоғамға, шынайы өмірге бейімделуге қиналып қалып жатады екен. Толығырақ газеттен оқи аласыздар.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу