Қостанай облысында полицейлер героиннің аса ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
“Қарасора-2023” Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу шеңберінде Рудныйдағы есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері пәтерде санкцияланған тінту барысында 117 грамм героин тапты. Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Нұржан Ахметовтың айтуынша, қала тұрғынының тоңазытқышында чиптердің астынан героинге ұқсас зат табылған. Сараптама тәртіп сақшыларының болжамдарын растады. Есірткінің салмағы үлкен мөлшерге жатады. Осы факт бойынша полиция ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлімінде көзделген “есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау” деген айыптаулармен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Полицейлер мұндай партияның құны 1 млн теңгеден асатынын атап өтті. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 328 кг түрлі есірткі заттарын тәркіледі.