“Тобыл арена” учаскесінде де толассыз халық

“Тобыл арена” учаскесінде де толассыз халық

Қостанайдағы “Тобыл арена” кешеніндегі учаскеде референдум штаттық режимде жүріп жатыр.

“860 референдум учаскесіне 2408 қатысушы таңдау жасауға тіркелді. “АMANAT” пен “Дауыстан” екі бақылаушы келді. Өз таңдауын жасаудан жастар мен үлкендер де қалыспай жатыр. Референдумға қатысушылар үшін арнайы сауда нүктесі жұмыс істеп тұр”, – дейді учаске төрағасы Қанат Аймұхамедов.

Аталған референдум учаскесінде Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармония директорының орынбасары Бағдат Оспанов та өз таңдауын жасады.

“Референдумға Қазақстанның азаматы, осы елдің патриоты ретінде өз даусымды беру үшін келдім. Учаскеге кіріп келгенде халықтың ағылып жатқанын көзім шалды. Бұл дегеніміз – халықтың өз Отанымыздың болашағына бейжай қарамайтынын білдіреді. Өтіп жатқан референдумды елдегі реформалаудың жаңа көрінісі деп есептеймін. Қазақстанның қарыштап дамуына оң септігін бермесе, ешқандай зияны болмайтынына сенімім кәміл”, – дейді Бағдат Оспанов.

Жаңалықтармен бөлісу