Бүгін елімізде тарихи сәт. Халық референдум арқылы өз қалауын білдіріп жатыр. Таңертеңнен келіп, халқымыздың болашағы, азаматтарымыздың келешегі үшін азаматтық борышымды орындадым.
№3 референдум учаскесі облыс бойынша сайлаушыларды қамту жағынан екінші орында. Бұған дейін де осы жерде таңдау жасап, бюллетень толтырып келдім. Облыстық мәслихаттың депутаты ретінде мажиторлық жүйемен осы округтен сайланған едім.
Бүгін мұндағы халықтың белсенділігі жоғары. Әр азамат өз қалауын жасауда. Бұл жолғы референдум өзге сайлаулардан ерекше. Референдум – демократияның негізгі инситуттарының бірі. Сол себепті, жерлестеріміз дұрыс шешім қабылдайды деп сенемін.
Ғайния ЕСЕЕВА,
облыстық мәслихат депутаты