Бүгін Астана қаласында “Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы” ҚБ кезектен тыс құрылтайы өтті.
Құрылтайда алғаш болып сөз алған қоғамның экс-президенті Берік Әбдіғалиұлы өзінің орнына Рауан Кенжеханұлының кандидатурасын ұсынды. Бұл ұсынысты делегаттар бір ауыздан қолдады.
“Жаңа лауазымды сеніп тапсырғандарыңыз үшін рақмет. Бұл – ең алдымен үлкен жауапкершілік”, – деді жаңа президент Рауан Кенжеханұлы.
Рауан Кенжеханұлы кәсіпкер, білім саласында қызмет ететін бірнеше коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарының жетекшісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.