Амангелді ауылының тұрғыны өз ауласынан сирек кездесетін құс тауып алған. Оның айтуынша, қандай да бір себептермен ол ұша алмай қалған.
Табылған құс туралы табиғатты қорғау полициясына хабарлаған ер адам орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы, балық және аңшылық бөлімі, сондай-ақ “Қостанай ЗООПульс” қоғамдық бірлестігінің директорымен бірге оқиға орнына барған. Құсты қарау барысында, бұл шынымен де ұша алмай қалған Қызыл кітапқа енген дала қыраны екені белгілі болды. Мамандар оны тексеру үшін ветеринарлық клиникаға апаруды ұйғарды.
“Қазір құс біздің ветеринарлық емханада. Қанаттарын рентгенге түсіруді жоспарлап отырмыз. Жарақат алуы мүмкін болғандықтан, жан-жақты сараптамадан өтіп, мал дәрігерінің оң қорытындысынан кейін ғана қызыл кітапқа енген құсты табиғи ортасына жіберуге болады», – дейді “Қостанай ЗООПульс” директоры Виктория Машадиева.
Адамдардың қамқорлығының арқасында құсты дер кезінде аман алып қалдық. Дала қыраны – қауырсынды жыртқыштардың ең ірі түрлерінің бірінің өкілі. Ол тіршілік ету ортасының өзгеруіне өте сезімтал. Температураның төмендеуіне байланысты құсты табиғи ортасына жіберу мүмкін болмады. Сондықтан оны сараптамаға алу туралы шешім қабылданды, дейді табиғатты қорғау полициясының қызметкері Қанат Шиканов.
Облыстық полиция департаменті