Қызметтік иттердің көмегімен 3,5 мыңнан астам қылмыс ашылды

Қызметтік иттердің көмегімен 3,5 мыңнан астам қылмыс ашылды

Қызметтік иттердің көмегімен 3,5 мыңнан астам қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Иттің иіс сезу қабілеті адамға қарағанда әлдеқайда күшті. Олар екі миллионға дейін иісті ажырата алады.

Бұл ерекшеліктер төрт аяқты көмекшілерді қызметтік-іздестіру жұмыстарында, яғни жоғалған адамдарды, есірткілер мен жарылғыш заттарды іздеуге қолдануға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда ішкі істер жүйесінде жүздеген ит қызмет етеді. Олардың едәуір бөлігі есірткі заттарын анықтауға үйретілген.

Айта кету керек, ит есірткі заттарын ғана емес, оларды қолданушыларды да анықтай алады. 10 айда қызметтік иттердің көмегімен 3,5 мыңнан астам қылмыс ашылды. 1200-ге жуық тексеру іс-шаралары өткізілді.

Заңсыз айналымнан 4 тоннаға жуық есірткі, оның ішінде 87 кг синтетика тәркіленді. Мұндай тексерулер әуежайларда, вокзалдарда және жолаушылар пойыздарында, сондай-ақ “Қазпошта” бөлімшелерінде тұрақты түрде жүргізіледі.

Жаңалықтармен бөлісу