Қызбел ауылында тасқын қаупі сейілді

Қызбел ауылында тасқын қаупі сейілді

Алты күннен бері ойран салып жатқан су тасқынының Арқалық қаласы мен Аманкелді аудандарында саябырсып, Жанкелдин ауданында қарқыны күшейгенін бұдан бұрын да хабарладық.

Осыдан екі күн бұрын Тәуіш, Сужарған ауылдарында судың деңгейі көтеріліп, Қызбел ауылының іргесіне жақындағаны мәлім болған еді.

Бүгін Қызбел ауылдық округінің әкімі Қайсар Нұрғазин қауіптің беті ары қарағанын сүйіншіледі.

«Судың сеңі қозғалды. Енді қорқатын ештеңе жоқ, уайымдамаңыздар. Су басылғаннан кейін ауылға қайта ораласыздар. Хабарын кейін айтамыз. Дәл қазір ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», – деді Қайсар Нұрғазин.

Жаңалықтармен бөлісу