Қысқы серуен де ақылы

Қысқы серуен де ақылы

Қалалықтар жазда ғана емес, қыста да жақсы демалып, таза ауада демалғысы келеді. Бұл демалыстың орны бөлек екені де белгілі. Таза ауа, мүлгіген тыныштық, орман іші ерекше әдемі болады.

Осындайда қайда барып, уақыт өткізуге болады деген сұрақ туындайды. Көпшіліктің көп баратын жерінің бірі – қала шетндегі қар басқан ормандар. Қазір қаланың шыға берісіндегі орман іші де түгелдей бизнес көзіне айналғалы қашан. Бір тегін жер де қалмағандай.

Орманға жағалай орындықтар қойылып, үйшіктер тізіліп тұр. Бұл жерге келіп, денді сауықтырып, таза ауада жақсы демалып қайтасыз. Бірақ сырғанақ теуіп, демалу үші де ақы төлеуге тура келеді.

Қостанайдың маңында шаңғы тебуге арналған бірнеше орындар бар. Мысалы, “Жасыл орман” немесе “Ақсу” демалыс орындарын айтуға болады. Шаңғы тебуді жақсы көретіндерге керемет жер. Қостанайлықтарға өте танымал орынның бірі – «Золотой Фазан».

Бұл жерде де үлкендер мен балаларға арналғанның бәрі бар. Балалар сырғанақ теуіп, ол үшін керекті тюнингтер де жалға беріледі.

Құны – 2000 теңге. Қауіпсіздік те қарастырылыпты. Сондықтан, балаларды алаңсыз жіберуге болады. Ал, ересектерге коньки, шаңғы, тіптен моншасы да қарастырылған. Олардың да бағасы әрқалай. 1 сағаты 3500-4000 теңгені құрайды. Сондай-ақ, түнге қаламыз десеңіздер, қонақүйлер бар. 1 түнге 9000-10000.

Біздің қалада мұз айдындары көп болмаса да, қала тұрғындары баратын жер жеткілікті. Достарыңызбен бірге уақыт өткізіп, коньки тебе аласыз. Олардың да бағасы әрқалай. Үнемі адам көп болатынын да айта кеткіміз келеді.

Қала сыртына шыға алмасаңыз демалыс саябақтарына барсаңыз да болады. Қалада қысқы уақытта серуендеуге арналған әдемі саябақтар мен балаларға арналған арнайы алаңдар жеткілікті.

Қорыта айтқанда, Қостанай қаласы қыс мезгілінде де қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше демалыс мүмкіндіктерін ұсынады. Көптеген орындарда белсенді демалыс түрлері мен тыныштықтағы табиғаттың үйлесімі бар, сондықтан әр адам өз қалауы бойынша уақыт өткізіп, көңілді әрі пайдалы демалыс өткізе алады. Тек қалтаңызды ойлап қойыңыз. Тегін ештеңе жоқ. Орман – халық байлығы десек те, Алланың берген табиғаты да ақылы болып, бәрі қоршауға алынып қойған.

Айтолқын Айқадамова,

Гүлім Батыр, студент

 

 

Жаңалықтармен бөлісу