Науырзым ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Осылайша, орындалған жұмыстардың актілерін зерделеу барысында аудан аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асырған екі өнім берушінің қысқы уақытта жұмыстарды орындағаны үшін шығыстарды заңсыз қосқаны, ал іс жүзінде жұмыстар жазғы-күзгі кезеңде орындалғаны анықталған.
Осыған ұқсас бұзушылықтар 2021 жылғы актілерде белгіленген.
“Заңсыз төленген ақшалай қаражаттың жалпы сомасы шамамен 16 млн теңгені құрады. Аудан прокуратурасының мердігерлік ұйымдарға қатысты ден қою актісі бойынша қазіргі уақытта қанағаттандырылған талап арыздар берілді”, – делінген ресми мәлімдемеде.
Бүгінгі таңда бюджетке 7,4 млн теңге қайтарылған.
Фото: inbusiness.kz