Аманкелді тұрғын алабындағы жарылыстың себебі машиналарда орнатылған газ баллонды жабдықты пайдалану ережелерін бұзу болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды. Бұл нұсқа, ТЖД өкілінің өтінішімен, оқиға фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде де тексеріледі. Төтенше жағдай кеше түс әлетінде газ-ауа қоспасының жарылуынан болды. Оқиға орнында үш адам көз жұмды.
Бұған дейін ведомство “ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлігі бойынша “екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған болатын. Бейнебақылау камераларынан жазбалар алынды.
Өңір басшысы Құмар Ақсақалов облыс тұрғындары мен кәсіпкерлерге газ баллондарының, сондай-ақ, жабдықтардың жұмыс істеу қабілеті мен қауіпсіздігін тағы да тексеруқажеттігін ескертіп, ТЖ және полиция департаменттеріне шағын және орта бизнес субъектілері мен өңір тұрғындары арасында түсіндіру іс-шараларының кешенін өткізуді тапсырды.
–Энергетика және ТКШ басқармасы, аудандар мен қалалардың әкімдері өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп сұйытылған газды өткізу кезінде талаптарды қатаңдату мәселелерін пысықтасын. Сондай-ақ, тұрғын үй газ-техникалық инспекцияларының жұмысын қамтамасыз ету қажет,–деді облыс басшысы.
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.