Ақтау қаласында өткен бокстан Қазақстан чемпионатында Қостанай қаласы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы Бексұлтан Қайратұлы 92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде алтын жүлде жеңіп алды.
Ол финалда Жамбыл обылысының спортшысымен кездесті. Оған бұл жеңіс Қазақстан Республикасының бокстан спорт шебері нормативін орындауға себеп болды.
Бексұлтан — үш дүркін ҚР чемпионы (2021, 2022, 2023 жылдардағы 1 орын) және 2023 жылдың қараша айында Астана қаласында өткен Азия Чемпионатының жеңімпазы. Бұл жеңіс оның спорттағы жаңа жетістіктерінің бастамасы болып отыр.
Тимур Шагиров,
ҚӨУ студенті