Қостанайлық велошабандоздар елу шақырымды айналып өтті

Қостанайлық велошабандоздар елу шақырымды айналып өтті

Елімізде тамыз айының үшінші жексенбісі спорт күні ұйымдастырылған вело жарысқа 50-ден астам адам  қатысты. Олар Қостанай-Садчиковка тас жолын  50 шақырым айналып өтті. Қатысушылардың үлкені  73 жаста.

Облыстық велоқауымдастығының төрағасы Қанат Сағынбаевтің айтуынша, осы жылы да қала спортшылары ерекше белсенділік көрсетті. Жан-жақты дайындықта болуы керектігін дәлелдеді.

–  Бұл жарысқа бір айға жуық уақыт дайындалдық. Велошабандоздар 50 шақырымды «Золотой фазан» қонақ үйі аумағынан бастап, Садчиковкаға дейін жүріп өтті. Қостанай, Жітіқара, Рудный, Лисаков қалаларының спортшылары қатысты. Алғаш қатысушылардың жас мөлшері 14-17 жас аралығында. Қалғандары 18 жастан бастап 55-65 жасқа дейін. Ол үшін арнайы  (шоссейный) велосипед керек, – дейді Қанат Темірханұлы.

Жыл сайын спорт күніне орайластырылатын  жарысқа тұрақты қатысушылардың бірі Серікбай Төлебайұлы.

– Велосипедпен жастайымнан айналысып келемін. Биыл шайтанарбадан түспегеніме 65-жыл. Бүкіл Қазақстанды, ССРО-ны араладым, туризммен айналыстым. 40 жыл мектепте дене шынықтырудан сабақ бердім. Аптасына бір рет 25-30 шақырым велосипедпен жүріп отырамын. Спорттың бұл түрі адамның барлық бұлшықетін қимылдатады. Адамға берер пайдасы орасан, – дейді Серікбай ақсақал.

Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар, Allur, DEP, Velosalon өнімдері (велосипед аксессуарлары), сертификаттар мен медальдар табыс етілді.

 

Бейбіт МЕЙРАМҰЛЫ

Жаңалықтармен бөлісу