Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің әр өңірінен барған көпбалалы мұғалімдерді құттықтаған еді. Олардың қатарында Қостанай қаласы С. Мәуленов атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Досымова Зәмзәгүл Мұратбекқызы да болды
Зәмзәгүл Мұратбекқызының бұл кәсіппен айналысқанына 27 жыл. Педагог-шебер, бірнеше дүркін кәсіби байқаулардың жеңімпазы. Әдістемелік жинақтардың авторы. Білім беруді жаңартудың алғашқы күндерінен бастап жаттықтырушы ретінде республикалық деңгейде қазақ тілі мен әдебиеті курстарын жүргізіп келеді. Ол бүгінде үш ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған ардақты ана.
Салтанатты іс-шарада Оқу-ағарту министрі Зәмзәгүл Мұратбекқызына «Ы. Алтынсарин» төсбелгісін табыстады.
«Сіздер тәуелсіз Қазақстанның болашақ ұрпағын – ұлдарымыз бен қыздарымызды тәрбиелеп, еліміздің игілігі үшін қызмет етудесіздер. Жоғары кәсіби шеберліктеріңіз бен ынта-жігерлеріңіздің арқасында ана мен ұстаздың рөлін сәтті ұштастырып отырсыздар», – деді Ғани Бейсембаев әйелдер қауымына арнаған сөзінде.
Бүгінде Қазақстандағы білім беру ұйымдарында 470 мыңға жуық, Қостанай облысында 20 мыңға жуық, қала мектептерінде 3 мыңнан астам әйел мұғалім жұмыс істейді.
Қостанай қалалық білім бөлімі