Қостанайлық құтқарушылар ресей шекарасындағы өртті сөндірді

Қостанайлық құтқарушылар ресей шекарасындағы өртті сөндірді

Термалды нүктелерді мониторингілеу барысында ТЖ департаментінің қызметкерлері Жітіқара ауданымен шекараға жақын Ресей аумағында өрт ошағын тіркеді.

Өрт тез таралып, Қазақстан аумағына өткен. Жағдайға ден қойып,  ТЖД күштері оқиға орнына бет алды.

“Өрт сөндіру жұмыстары шекара аумағындағы қашықтықтан орналасуымен, сондай-ақ жел түріндегі ауа-райының жағдайымен қиындап, өрттің тез таралуына ықпал етті. Құтқарушылардың жедел реакциясы мен шекара қызметі және басқа да органдардың бірігіп әрекет етуінің арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілмей, Қазақстан аумағында 1400 шаршы метр аумақтағы өртті жедел оқшаулап, сөндіруге мүмкіндік туды”, – деп хабарлайды ТЖД.

Табиғи өрттің салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Жаңалықтармен бөлісу