Жеңіс күні қарсаңында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында қостанайлық қарттарға тегін медициналық көмек көрсетілді.
Бұл іс-шараны “AMANAT” партиясы Қостанай облыстық филиалының өкілдері денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласының мамандарымен бірлесіп ұйымдастырды. Партиялық жоба шеңберінде қаладағы бес қария көшпелі медициналық тексеруден өтті. Дәрігерлік тексерудің қорытындысында қариялардың әрқайсысына нақты кеңестер берілді. Мұндай көмекке қарттар да риза болып, алғыс білдірді.
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы 2014 жылдан бастап жүзеге асып келеді. Жобаның мақсаты аға буын өкілдерінің өмір сүру сапасын арттыру.
Қымбат ДОСЖАНОВА