Қостанайлық полицейлердің 1 қыркүйекте тәртіпті қалай қамтамасыз еткендігі хабарланды

Қостанайлық полицейлердің 1 қыркүйекте тәртіпті қалай қамтамасыз еткендігі хабарланды

Жазғы демалыс өз мәресіне жетіп, бүгін мектептерде алғашқы қоңырау соғылды. Балаларды жаңа оқу жылына жібергенде, сөмкелеріне оқуға қажетті құралдарды салумен қатар, қауіпсіздік ережелерін еске салу керек екенін ұмытпаған жөн.

Дәл осы ережелер туралы полицейлер мектеп оқушыларына айтып берді.

1 қыркүйекте бір жарым мыңнан астам полиция қызметкері өңірдің 447-ге жуық мектептің жанында қауіпсіздік шараларының сақталуын қамтамасыз етті .

Әр оқу орнының жанында патрульдік полиция қызметкерлері кезекшілік жасады.

Олар жол қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударды.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған балаларға жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы жадынамалар, шарлар, шағылыстыратын фликерлер мен тәттілер таратты.

Оқушылар қызметтік көліктер мен қызметтік иттердің жанында полицейлермен естелік фотосуретке түсті.

Қазіргі уақытта мемлекет өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне үлкен көңіл бөлуде.

Мектептерде заманауи қауіпсіздік жүйелері орнатылған.

Мысалы, Қостанайда Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте Жедел басқару орталығына шығарылған 102 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Жақын арада тағы 50 камера орнатылады.

Сонымен қатар, мектеп қажет болған жағдайда жеке күзет қызметкерлері жауап беретін дабыл түймесімен жабдықталған.

Бүгін, 1 қыркүйекте осы мектептің жоғары сынып оқушыларымен облыстық полиция департаментінің бастығы ЕРЛАН ФАЙЗУЛЛИН кездесті.

“Құқық қорғау органдары тарапынан қауіпсіз және жайлы жағдай жасау үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқандығы туралы айтқым келеді. Сонымен қатар, сіздрден жауапты және заңға бағынатын мінез-құлық талап етіледі”, – деді ПД бастығы 11-сынып оқушыларына.

Өңірдің бас полицейі балалардың жол-көлік жарақаттануының, нашақорлықтың, буллингтің, людоманияның және кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстардың алдын алу мәселелеріне назар аударды.

Оқушылармен әңгімелесуден кейін ол мектептің қауіпсіздігіне көз жеткізді. ЕРЛАН ФАЙЗУЛЛИН дабыл түймесі мен қауіпсіздік камераларының жұмысын тексерді.

“Нұр сақшы” жеке күзет қызметінің қызметкерлерімен әңгімелесу барысында олар күнделікті жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін елемей, мектепке кіруге тырысатын ата-аналардың түсініспеушілігіне тап болғаны белгілі болды. Кейбіреулер металліздегіш арқылы тексеруден бас тартады.

Күзет қызметі қызметкерлерінің бірінің айтуынша, өткен оқу жылында ата-аналардың біреуінің сөмкесінен қалта пышағын тапқан. Және бұл жалғыз факт емес.

Қостанай облысы ПД бастығы осы мәселенің басында балалардың қауіпсіздігі тұрғанын атап өтті. Мұндай жағдайларда ата-аналардың жоғарыда аталған әрекеттеріне заңды баға беруге міндетті полицейлердің араласуы қажет. Ол мектеп әкімшілігіне мұндай фактілер туралы полицияға хабарлауды ұсынды.

Бүгінде мұндай профилактикалық іс-шаралар өңірдің барлық мектептерінде ұйымдастырылды. Әр мекемеге Полиция департаментінің дербес және аумақтық бөлімшелерінің басшылары келді.

Полицейлер мұндай профилактикалық жұмысты оқу жылы бойы жүргізуге ниетті.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста 105 ювеналды полиция қызметкері жұмыс істейді. Олардың басты міндеті – кәмелетке толмағандардың тарапынан жасалатын және оларға қатысты қылмыстарды анықтау, алдын алу және жолын кесу.

 

Полиция департаментінен деректерін жазып алған ҚӨУ студенті Айбол ӨМІРТАЕВ

Жаңалықтармен бөлісу