ІІМ-де интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы айтылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz, Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қостанай тұрғыны DarkNet пен Telegram арқылы интернет-алаяқтық жасаған.
“Қаскөйдің 1,5 миллион теңгеден астам табыс тапқаны анықталды. Ер адам “кардингпен”, яғни банк карталарының деректемелерін ұрлап және оларды қайта сатумен, сондай-ақ ақшаға компьютерлік вирустарды таратуды үйретумен айналысқан. Қазір фигурант ұсталып, сотталды”, – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Шымкенттік алаяқ Instagram-парақшаның дубликатын жасап, балалардың еміне ақша жинау арқылы адамдарды алдаған. Осылайша ол 32 миллион теңге жинаған. Алаяқ ұстал5ан. Қамауда
“Ведомство киберқылмыстарға қарсы күресті жүйелі түрде жүргізеді. Сәуір айында Украинаның Одесса және Запорожье қалаларында өткен халықаралық арнайы операция барысында бес алаяқтық call-орталық жойылды. Қаскүнемдер қазақстандық азаматтарға қатысты қылмыс жасаған. 30-дан астам күдікті ұсталды, қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр”.
Қыркүйекте жедел іс-шараларды өткізу кезінде Алматы қаласында төрт call-орталық жойылып, 47 шетелдік ұсталды. Олар шет мемлекеттердің азаматтарына қатысты алаяқтықпен айналысқан. Тергеу шаралары жүргізіліп, тәркіленген техника тексеріліп жатыр.
“Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда”, – деді полиция полковнигі.