Қостанайлық әскери қызметкер джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Қостанайлық әскери қызметкер джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Қостанайдағы 6697 әскери бөлімінің ефрейторы Мәлік Байсұлтанов джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Жарыс Бангкок қаласында (Тайланд) өтті. Чемпионатқа 12 елдің спортшылары қатысқан. Жерлесіміз төрт жекпе-жек өткізіп, барлығында да айқын басымдылықпен жеңіске жетті, деп жазады “КН”.

“Менімен күш сынасқан қарсыластар шетінен мықты спортшылар болды”, – дейді чемпион.

Ефрейтор Байсұлтанов 6697 әскери бөлімінде аға маман (аға жүргізуші) болып қызмет етеді.

Жаңалықтармен бөлісу