15 Ақпан, 2025
Қостанайға Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі келді

Қостанайға Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі келді

ҚР ТЖМ Өрт сөндіру және авиациялық құтқару жұмыстарын басқару комитеті басшысының орынбасары Арман Құсайынов жұмыс сапарымен Қостанайға келді.

Оған облыстық ТЖД бастығы Д.Ермағамбетов өрт сөндіру бөлімдерінің жай-күйін таныстырды.

Сапар барысында ол өңірдегі өрт сөндіру бөлімдерінің жұмысын тексеріп, олардың техникалық жабдықталуы мен дайындық деңгейін бағалады. Арман Манапұлы Қостанай облысының өрт сөндірушілерінің жұмысын мұқият тексерді. Өрт сөндіру құралдарының жаңартылуы, техникалық жағдайы және бөлімдердің жалпы дайындық деңгейін бақылап, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін бағалады.

Сонымен қатар облыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары мен төтенше жағдайларға жедел әрекет ету жүйесі талқыланды.

Өңірдегі өрт сөндіру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған бірнеше ұсынысты алға тартты. Бұл қадам Қостанай облысында өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын одан әрі жетілдіруге, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Жаңалықтармен бөлісу