Қостанайға еліміздің кино жұлдыздары келді

Қостанайға еліміздің кино жұлдыздары келді

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен қаламызда өткен ерекше рухани кездесу жастардың басын қосты.  «Міржақып. Оян, Қазақ!» телехикаясында Міржақып Дулатовтың тұлғасын сомдаған, актер Бақыт Қажыбай, “Жаужүрек мың бала” фильмінде Сартай мен Таймас бейнесін ерекше алып шыққан, сол арқылы танылған Асылхан Төлепов пен Аян Өтепберген және жас дарын Дінислам Нұрмұханбетов арнайы шақыртумен келді.

«Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты диалог алаңы еркін, сұрақ-жауап форматында өтті. Актерлар бүгінгі киноинустрияның дамуы, бағыты жайында сөз қозғап, өз көзқарастарын білдірді.

«Мыржақып атамыздың рөлі мен үшін ерекше. Менің санамды сілкіген еңбегім десе де болады. Осы фильмнен соң алаштықтарға деген махаббатым ашылды, құрметім артты. Бұл сериалды түсірмес бұрын Ахмет Байтұрсынұлына арналған «Ұлт ұстазы» туындысы түсірілген болатын. Ең алғашқы актерлық құрам сол кезде құрылды. Сонда сценарийді оқып, көзіме жас алдым. Жүрегіме ауыр тиді. Біз өз тарихымызды терең білмейді екенбіз. Бұл тақырып әлі күнге толығымен ашылмай келеді. Мен алаштықтардың тұтастай қазақ елінің қамы үшін қандай қиындықта болса да қанаты сынбай, еш өкінбей, ақысыз пұлсыз қызмет еткенін көріп, жүрегім қан жылады. Олар сын сағатта рухының биік екенін көрсете білді. Мұның бәрі де біз үшін үлгі», – деп талантты актер Бақыт Қажыбай Жақаңды жан-жақты зерттеп, тағдыр тауқыметін, асыл мұрасын терең түсінгенін білдірді.

Кездесуге мектеп оқушыларынан бастап оқу орнының студенттеріне дейін түгел келді. Олар жай залды толтыру үшін келмеді. Диалог алаңында сұрақ қойып, ойын жеткізуге жиналды. Осыдан-ақ бүгінгі ұрпақтың Алаш арыстарының ұстанған мақсатын жете түсінгенін көреміз.

Толығырақ газеттен оқи аласыздар.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Суретті түсірген Бердіболат Көркембаев

Жаңалықтармен бөлісу