Қостанайдағы жылу мекемесі  заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін жаңа акция ойлап тапты yandex.kz

Қостанайдағы жылу мекемесі  заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін жаңа акция ойлап тапты

Жылуэнергетика компаниясы ертеңнен бастап, тарихында тұңғыш рет «Қарызды өтеу – айыппұлды үнемдеу» акциясын жариялайды.

Кәсіпорын Тәуелсіздік күні қарсаңында  1 желтоқсанға дейін қалыптасқан жылу, ыстық сумен жабдықтау қызметтері үшін мерзімі өткен берешекті (негізгі борышты) толық өтеу шартымен жыл  соңына дейін айыппұлды есептен шығармақ.

«Акция мемлекеттік ұйымдарға қолданылмайды, сондай-ақ соттың заңды күшіне енген шешімі немесе атқарушы жазуы бар айыппұл есептен шығаруға жатпайды», – делінген ресми хаттамада.

Кәсіпорын ұжымы сіздерді Бородин көшесі  231 мекенжайынның , 1 қабатында орналасқан  абоненттік бөлімдерінде күтеді.

Жаңалықтармен бөлісу