Қостанай қаласында дәстүрлі Ozat CUP IV облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Турнир Британ парламенттік форматында (БПФ) ұйымдастырылып, негізгі және жастар финалдарын қамтыды.
Байқауға Қостанай облысының түкпір-түкпірінен 32 команда қатысты. Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Самұрық» фракциясы іріктеу кезеңінде 10 ұпай жинап, бірінші орынмен жартылай финалға өтті. Финалға дейін сүрінбей жетіп, нәтижесінде турнирдің ІІІ орын иегері атанды.
Қатысушылар — Жансая Какимжанова және Әсемгүл Қазым.