Қостанайда жол белгілері тексерілді

Қостанайда жол белгілері тексерілді

Қостанайда 100-ден астам жол белгісі жарық қайтару коэффициентіне тексерілді. Олардың барлығы нормативтік құжаттардың талаптарына жауап береді

Қостанай облысы бойынша Жол активтері сапасының ұлттық орталығының мамандары көрсеткіштерді орнатумен және дайындаумен айналысатын мердігердің қоймасында 100-ге жуық белгіні зерттеді.

Сондай-ақ, Пушкин мен Волынов көшелеріндегі 13 жол тақтайшасы да тексерістен өтті.

– Біз жол белгілерінің жарық қайтару коэффициентін, дәлірек айтқанда, оған жауап беретін пленканы тексереміз. Сонымен қатар, белгілердің биіктігі мен орналасуы бойынша орнатылуы нормаларға сәйкес келетіндігін қарастырамыз. Жол қозғалысы қауіпсіздігі белгілердің өз функцияларын қаншалықты дұрыс орындайтынына байланысты. Бүгін біз тек жаңа жол белгілерін тексеретін боламыз, өйткені ТКШ бөлімінде “РиалКаз” ЖШС-мен істен шыққандарды ауыстыру туралы шарт бар. Қала бойынша мұндай нүктелер өте көп, біз бірінен екіншісіне ығысып отырамыз, өйткені белгілер жол полициясы берген нұсқамаларға сәйкес ауыстырылады, – деді Қостанай облысы бойынша жол активтері сапасының ұлттық орталығының сапа және мемлекеттік есеп бөлімінің бастығы Владимир Завалий.

Жаңалықтармен бөлісу