Жарық тек ыңғайлылық емес, бәрімізге қауіпсіздік сыйлайды. Осы жылы облыс орталығында көше жарықтандырудың ауқымды жөндеу жұмыстары аяқталды. Жүздеген тіректер ауыстырылып, желілер жаңартылды.
Жалпы бұл жұмыстар 2023 жылдың бірінші жартысында басталған болатын. Оған қаланың эстетикалық келбетін жақсарту, ескі тіректердің тозуы және темірбетон тіректерімен соқтығысқан кезде жүргізушілердің қауіпсіздігі себеп болды.
Қала әкімдігінің аппараттық кеңесінде ТКШ бөлімінің басшысы Азамат Бегалин осылай деді. Айтуынша, қазір қаланың 423 көшесінің 381- індеткөше жарығы бар (90,1%), бұл 2023 жылдың басындағы көрсеткіштерден едәуір асып түседі (293 көше немесе 69,2%).
2023 жылы жалпы сомасы 2 млрд теңгеге 40 учаскеде жөндеу жүргізілген. Биыл осындай жұмыс көлеміне 1,3 млрд теңге қаржы жұмсалған.
– Қазіргі уақытта жұмыс қаланың барлық учаскелерінде толық аяқталды. 1 288 жарықтандыру тірегі мен 2891 шам ауыстырылды. 2023 жылы тіректер – 1970 дана, шамдар – 5269 дана орнатылды, – деді Азамат Бегалин.
Толығырақ газеттен оқи аласыздар.
Сералы МЫРЗАБАЙ