Туынды қазақтың көрнекті қайраткері және ағартушы Ахмет Байтұрсынұлына арналған.
Ахмет Байтұрсынұлы өмір сүрген және жұмыс істеген дәуір мен оқиғаларға терең үңіліп, оның қазақ мәдениеті мен әдебиетінің дамуына қосқан үлесін көрсетеді.
“Үлкен тұлғаның образын сомдау мен үшін үлкен абырой. Мұқағалидан кейін келесі бейнеге көшу қиын болды. Дегенмен, режиссермен жұмысымыздың арқасында Ахаңның тағдырын, кейпін барынша көрерменге жеткізуге тырыстық. Бұл менің киномотографмиямдағы ауқымды рөлдердің бірі”, – дейді басты кейіпкерді ойнаған актер Азамат Сатыбалды.
Фильм көрермен мен сыншылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, көптеген жақсы пікір қалдырды. Әсіресе, Ахмет Байтұрсынұлының ұрпағы Ибраһим Ағытайұлы туындыдан ерекше әсер алғанын жеткізді.
“Бірнеше жылдан бері атамыздың ізімен Ресей жерлерін араладық. Сондағы бейнелердің ұшқыны осы туындыда айқын көрініс тапқан. Актерлердің рөлдерді шебер орындауы және қайта жасалған тарихи оқиғалар фильмді жарқын және есте қаларлық етеді. “Соңғы үкім” көрерменді баурап қана қоймай, Ахмет Байтұрсынов мұрасының Қазақстан үшін маңыздылығы туралы ойландырады”, – деді Ибраһим Ағытайұлы.
Мақаланың толық нұсқасын газеттің келесі санынан оқи аласыздар.
Тимур ҚАЙРАТҰЛЫ
ҚӨУ 2 курс студенті